Бұл оқиға әйелдерге дәріс беретін медреседе болған. Ұстаз әйел қыз-келіншек шәкірттерге қарап: «Қыздарым! Бүгін мен сендермен дәрісті бір ойын түрінде өткіземін. Қайсы біреулерің бірінші болып осы ойынға қатысқысы келсе, өтінем, тақтаға шықсын» - дедә. Сонда бір келіншек шәкірт тақтаға шығады. Сол кезде ұстаздың айтқаны: «Қызым! Тақтаға өзіңе жақын болған 20 адамның есімдерін жаз». Шәкәрттің жазғаны: «әкем, анам, күйеуім, балаларым, ағайын, көрші, құрбы...» тағы басқа... Қысқасы, 20 адамның есімдерін тақтаға жазып шығады. Сонда ұстаз: «Ендеше, қызым! Бұл тізімнен екі адамның есімін өшіріп таста!» дегені. Шәкірт 2 кісінің есімін өшіріп тастайды.
«Енді, қызым, 4 кісінің есімдерін өшір». Сонымен шәкірт тағы 4 кісінің есімдерін өшіреді. Солайша соңында тақтада 4 кісінің ғана есімі қалады. «Әкем, анам, күйеуім, балам». Сынып болса тым-тырыс болып және бұл ойынның тегіннен тегін боп жатқандығын сезгендей болып отыр.
«Қызым! Тағы екі кісінің... екі кісінің есімін өшіріп таста» - дейді ұстаз.
Шәкірт тақтаға қараса, тақтада «әкем, анам, күйеуім, балам» деген жазу. Көз жасына ерік беріп, өксіген түрде «әкем, анам» деген есімдерді өшіріп тастайды. Шәкірттің жылағын даусынан тақтада екім есім ғана «күйеуім, балам». Сыныптан үн шықпайды. Шәкірт ұстазға қарауымен, ұстаздың айтқаны: «Қызым! Тағы бір... тағы бір кісінің есімін өшіріп тасты!». Шәкірт жылағанын тоқтата алмай, жаласын үдетеді. «Мен саған не дедім?! Бір кісінің есімін өшір демедім ба!?» дегені ұстаз қатты дауыспен. Сол кезде шәкірт тақтаға жақын келіп, баласының есімін өшіріп тастайды дағы тақтада жалғыз «күйеуім» деген жазу қалады. «Енді, отыр орныңа!» дейді ұстаз. Жылаған күйі өксіп келіншек шәкірт орнына жайғасады. Сонда ұстаз бір сәттен тағы да: «Орныңнан тұр! Ата-анаң сенің дүниеге келтіріп, қаншама қиындықпен сені өсірді. Сен олардың есімін өшіріп тастадың. Өзіңнің сүйкімді балаңның да есімін өшірдің. Соңында күйеуіңді ғана таңдапсың. Бұны қалай түсіндіресің?» деп сұрайды. Орнынан тұрған шәкірт, көз жасын сүрте былай дейді: «Әкем, анам – бұл Алланың тағдыры, күндері келіп, бір күні олар дүниеден өтеді. Перзент болса, есеюмен үйленіп кетеді, аяққа тұрған соң, түрлі себеппен менен алыстап кетеді. Менің жанымда болатын жалғыз ғана адам – ол менің күйеуім болмақ. Өмірімнің соңына дейін қалатын адам, ол – менің күйеуім. Күйеуім – менің жаннатым. Пайғамбарымыз хадисінде: « Күйеуін разы етпеген әйел – жаннаттың иісін де сезе алмайды».делінген».